хаттама №4 » Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2018

хаттама №4

Хаттама № 4
«Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында өткен жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Қатысқаны - 32
Қатыспағаны – жоқ
Жиналыс хатшысы – Абсалихова К

Күн тәртібі:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі;
2. 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
3. Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
4. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің қызметі;
5. Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту;
6. Оқу процесін цифрландыру;
7. Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару

Тыңдалды:
1. Бірінші мәселе бойынша тәрбие орынбасары Л.Сембаева сөз алды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі» тақырыбында айтып өтті. Бағдарламаны іске асыру негізінде мектепте іс-шаралар жоспарланып, көптеген жұмыстар атқарылуда. «Рухани жаңғыру», « Туған жер» тақырыбында шығарма байқауы өтті. 8,9,10 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру – кемел келешектің кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Мұқағали шығармаларындағы ұлттық рух» тақырыбында әдеби танымдық шара өтілді.
Аудандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Атамекен» атты музыкалық, тарихи-этнографиялық байқауға мектептің 12 оқушысынан құралған «Асыл мұра» тобы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау бес номинация бойынша өтілді. Байқау қорытындысы бойынша оқушыларымыз аудандық гала-концертте өнер көрсетіп, ІІ орынмен марапатталды.
Әнуар Әлімжановтың туған күніне байланысты аудандық іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Облыстан келген қонақтар мектептегі Ә.Әлімжановтың мұражайымен танысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру барысында әлі де талай жұмыстар атқарылады.

Шешім:
1.1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдараламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру назарда ұсталынсын;
1.2. Аудандық іс-шараларға оқушыларды қатыстыруда ата-аналар тарапынан көмек көрсетілсін;

2. Екінші мәселе бойынша 11 сынып жетекшісі Э.Абсалихова сөз алды.
11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау туралы айтып өтті. Мектептің 30.03.2018 жыл №56 бұйрығы негізінде 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға байланысты дайындық кестесі құрылды. Дайындық кестесі құрылып, уақыты мен жауапты адамдар бекітілді. Қорытынды атесттатауды өткізетін кестесі белгіленді. Негізгі төрт пәннен - қазақ тілі мен әдебиеті (эссе), орыс тілі (ауызша), алгебра (жазбаша), қазақстан тарихы (ауызша) мемлекеттік емтихан тапсырады. Емтихан алатын мұғалімдер, ассистенттер және қатысатын ата-аналар бекітілді. Ата-аналарға балаларын емтиханға дайындалу барысын қадағалау ескертілді.
Шешім:
2.1. Оқушыларды емтиханға дайындыққа уақытында жіберіп отыру әр ата-аналардан сұралынсын;
2.2. Оқушылардың денсаулығын, мінез-құлқын, дұрыс тамақтануын қадағалап отыру ата-ананың назарында ұсталынсын;

3. Төртінші мәселе бойынша Л.Сембаева сөз алды. Мектептің 07.09.2017 жыл №227 бұйрығы негізінде «Қамқоршылық кеңесін» құрамын бекіту туралы бұйрығы шыққан. Кеңес құрамы жеті адамнан құрылды. Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспары жасалынған. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Жалпыға бірдей міндетті оқу айылғы кезінде қордан бөлінген қаржы тұрмысы ауыр отбасы балаларына шынайы бөлінді. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларымыз анықталды. Қамқоршылық кеңестің арқасында демеушілер табылып, тұрмысы ауыр отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсетілді. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі жеке шаруа қожалығының иесі, мектеп медбикесі мектеп ауласын аббаттандыру мақсатында 278 000 (екі жүз жетпіс сегіз мың) теңгеге мектеп ауласына шамдар орнатты. Қамқоршылық кеңес мүшелері әрқашан ортамыздан табылып отырады. Оқушылардың білім сапасына да көңіл бөледі.
Шешім:
3.1. Қамқоршылық кеңесінің жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын;
3.2. Тұрмысы ауыр отбасының балалыры қамқоршылық кеңесінің назарында болсын;
3.3. Мектепке қол үшін беріп, демеушілік көрсетем деген адамдар болса дереу қамқоршылық кеңесіне хабардар етілсін;

4. Бесінші мәселе бойынша мектеп психолгі А.Мольтишев « Ата-ана және мектеп серіктестігі» төңірегінде ата-аналармен тренинг өткізді. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп баланың жан-жақты тұлға ретінде дамуы отбасынан басталады. Отбасы – адамының өте маңызды, жауапты жанұясы. Тренинг барысы ата-аналармен танысудан басталды. Ата-аналар топқа бөлінді. Әр топқа сауалнама тасталды. 1 топ: Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. 2-топ: Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. 3- топ: Бала үшін мұғалім мен ата-аналар арасында қандай байлыныс болуы керек? Топқа бөлінген ата-аналар өз ойларын ортаға салып, талқылады. Сондай-ақ, ата-аналарға ситуациялық сұрақтар қойылды. Сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алысты.
Шешім:
4.1. Баланың сапалы білім алуы үшін отбасындағы ата-аналар тарапынан да көмек көрсетілсін;
4.2. Балаларды теріс әрекеттерден аулақ ұстау ата-аналардың назарында болсын;
4.3. Ата-ана мен мектеп байланысы нығайтылсын;

5. Алтыншы мәселе бойынша тәрбие орынбасары Л.Сембаева оқу процесін цифрландыру жөнінде айтып өтті. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпарат пен орындалатын кез-келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асатын болды.
Сымсыз телефондар, желілік телеарна осы бағдарламаның жемісі. Елбасы өз жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз, елде 3D притинг, онлайн сауда, мобильді бангинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын салаларды дамыту керек» деп нақты бағдар берді. Цифрлы технологияны жетілдіру мақсатында мектептерде электронды күнделік қолданысқа енгізілмек. Сонымен қатар, педагогтар да атқарған жұмыстарының есебі мен жоспарларын қағаз күйінде емес электронды үлгіде тапсыра алады. Алдағы кезде заманы көшінен қалғысы келмеген әр-бір азамат, мамандар, ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кең жолақты интернет, ақпараттық технологиялар, т.б саласындағы өзекті тақырыптардан тыс қалуына болмайды. Оқушыларымызға ұялы телефондарды ұстауына мүлдем тиым салмауымыз керек деп ойлаймын, себебі сабаққа қажетті ақпараттарды осы ұялы телефоннан тауып алуға мүмкіншіліктері болады.

Шешім:
5.1. Цифрландыру технологиясынан ата-аналар да тыс қалмай теледидар және баспа беттеріннен хабардар болып отырсын;
5.2. Электронды күнделікті жүргізу тәсілдері ата-аналарға түсіндіріліп, балаларының білім сапасы уақытымен қадағаланып отырсын;

6. Жетінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы А.Нуркадамова сөз алды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Жаңа гуманитарлық білім – қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Елбасы өз сөзінде жоба бойынша алғашқы 18 кітап таныстырылғанын және бұл оқулықтардың сапасын жоғары бағалағанын атап өтті. Іріктелген оқулықтарды аудару жұмысына Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО мен 200 ге тарта маман қатысты. 2018-2019 оқу жылынан бастап, аударылған оқулықтар жоғарғы білім беру жүйесіне енеді. Қазақ тілінде сөйлейтін кітаптарға талап та қатал. Мектеп кітапханасына да жаңартылған оқу бағдарламасына сай 1,5,7 сыныптар жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілді. Жаңа 2018-2019 оқу жылында 3,6,8 сыныптар жаңа бағдарлама бойынша жаңа оқулықтар мен қамтамасыз етіледі.

Шешім:
6.1. Қазақ тіліндегі оқулықтар жобасымен танысқысы келетін ата-аналар болса, kitap. кz сайтына кіріп таныссын;
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы, Т.Абдолдаұлы көшесі, үй 6

©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru