Мектепішілік 2022-2023 оқу жылындағы Жаңа жыл мерекесін өткізу іс-шарасы » Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепішілік 2022-2023 оқу жылындағы Жаңа жыл мерекесін өткізу іс-шарасы
23
декабрь
2022

Мектепішілік 2022-2023 оқу жылындағы Жаңа жыл мерекесін өткізу іс-шарасы

   Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі бойынша жаңа жыл іс-шарасы 

26.12-28.12 аралығында жоспарланып, бекітілді. 

  Мектепте жаңа жылдық қауіпсіздік ережелері бекітіліп, ескертілді. 

    АКТ Залы және мектеп дәліздері мерекеге орай безендірілді. 

 Мектеп шағын орталық тәрбиеленушілері 26-желтоқсан күні «Ертегіге саяхат» атты жаңа жылдық кештерін өткізіп, сыйлықтармен марапатталды.Тәрбиеленушілер мерекеге сай өте жақсы киінген.27-желтоқсан күні мектепалды даярлық тобы 1-4 сыныптар арасында «Қош келдің, Жаңа жыл- 2023» жылдың балаларға арналған ертеңгілігі өткізілді. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп би билеп, ән салды. Мерекеге киген костюмдерін қорғап, Аяз атаға арнауларын арнады. Қызықты ойындар ұйымдастырылып,ертеңгілік өте қызықты өтті. 

27-желтоқсан күні сағат 15.00-де 5-8 сыныптар арасында жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мереке мектеп басшысының құттықтау сөзінен басталып. Ескі жыл Барысты шығарып салып, жаңа жыл Қоянды қарсы алды.Аяз ата сыйлықтарын ұлестіріп. Әр сынып өз көріністерін қойып, ән, билерін арнады. Кеш соңы қызықты ойындармен жалғасты. 

    28-желтоқсан сағат 15.00-де 9-11 сыныптар арасында   жаңа жылдық бал өтті. Мерекелік кеш мектеп басшысының құттықтауымен басталып, сыныптар арасында ұйымдастырылған жарыстармен жалғасты, әр түрлі ойындар ойнатылып, кеш қызықты өтті. Оқушылар өз өнерлеріне риза болды. Әр сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.Әр мерекелік кешке қатысқан ата-аналар комитеті өз құттықтаулары мен алғыстарын білдірді. 


 

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы, Т.Абдолдаұлы көшесі, үй 6

©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru