Мектеп психологі Мольтишев Арман Шакеновичтің құқықтары мен міндеттері » Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектеп психологі Мольтишев Арман Шакеновичтің құқықтары мен міндеттері
13
март
2023

Мектеп психологі Мольтишев Арман Шакеновичтің құқықтары мен міндеттері

Міндеттері:
  • Директорға және педагогикалық кеңеске бағынады.
  • Оқушылардың және мұғалімдердің шығармашылық потенциалын анықтайды, олардың жұмыс деңгейін көтеру жөнінде педагогикалық ұжымға және әкімшілікке ұсыныстар дайындайды.
  • Педагогикалық үрдісте туындайтын қиындықтардың пайда болуының психологиялық себептерін анықтайды; олардың алдын алу және жою жөніндегі ұсыныстар дайындайды.
  • Басқару үрдісінде ұжымның тұлға аралық қарым-қатынастарының нормаларын қалыптастыруға қатысады.
  • Оқушыларға және олардың ата-аналарына, мұғалімдерге және мектептің басқа да қызметкерлеріне нақты психологиялық көмек көрсетеді. Оқушылардың кәсіптік бейімділіктерін анықтайды, оларға жекебас проблемаларын шешуге көмектеседі.
  • Педагогикалық ұжымға оқушылардың танымдық үрдістерін басқаруға көмектеседі. Мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық ойлауға деген дағдыланыуна, педагогикалық қарым-қатынас орната білуге үйретеді. Мұғалімдердің психодиагностикалық шеберлігін көтеру мақсатында жұмыстар атқарады.
  • Заманауи психологиялық құралдарды қолдана отырып, оқушылар арасында ішімдікке салыну, токсикомания, есірткі қолдану, жыныстық қарым-қатынас жағынан бұзылулардың алдын алу мақсатында әр-түрлі іс-шаралар жүйесін жүргізеді.
  • Педагогикалық-психологиялық білімдерді дайындауды жүзеге асырады.
  • Оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын негізге ала отырып, педагогоикалық ұжыммен, медициналық қызметпен, қамқорлық көрсету ұйымдарымен, әлеуметтік қызметкерлермен тығыз байланыс орната отырып жұмыс жасайды.
  • Психолог кабинеті жұмысын басқарады.
  • Нақты тұлғаларды, ұжымды, оқу топтарын, түзету және дамыту бағдарламаларының, мұғалімдер аттестациясының қорытындыларын зерттеу кезінде әдістемелік және педагогикалық кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің, ЖММ, АТМ, педкосилиумның отырыстарына катысады.
  • Бастауыш сынып пен орта буынға өту жөніндегі жұмыстарды жоспарлайды және сол бойынша жұмыс жүргізеді.
  • Мектеп бітірушілерді ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындайды.
  • Үйден оқитын оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізеді, үйлеріне барып, сабақтың талдауын жасайды.
  • Жекелей және топтық психологиялық зерттеулер жүргізеді.
  • Ғылыми негізделген        әлеуметтік-психологиялық        әдістемелер жұмысын қабылдайды.
  • Кәсіби құпияны сақтайды.
  • Мектеп басқармасы және педагогогикалық кеңестің қабылдаған шешімдеріне, оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының жоспарына, сондай-ақ ұжымды және жеке тұлғаны дамытуда олардың психологиялық негізділігі және тәжірибе тиімділігі тұрғысынан оқыту-тәрбиелеу процесінің қазіргі жағдайына талдау жасайды.
  • Мұғалім - оқушылар, оқушылар - оқушылар, мұғалім - мұғалім, мұғалім -ұйымдастырушы деңгейіндегі қарым-қатынастарға талдау жасайды. Мұғалімдер мен оқушылыр қатынасын білім беру міндеттеріне сәйкес түзету жөнінде ұсыныстар дайындайды.
  • Өзіндік басқарудың ғылыми негізделе отырып құрастырылуын және қызмет етуін дайындауға қатысады, олардың орындалуын бақылайды, оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді, оқушылардың басқарылудан өзіндік басқаруға өтуіне ықпал етеді.
  • Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында психологиялық-педагогикалық білімдерді насихаттайды. Апта сайын оқушылар мен олардың ата-аналары үшін кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
  • Педагогикалық кеңес, консилиум, комиссия, кеңестердің шешім қабылдауына негіз болатын диагностикалық құжаттарды жүргізеді және сақтайды. Қалған құжаттарды компьютерлер, дискеталарда, магнитафондық жазбаларда сақтайды.
  • Пайдаланатылатын диагностикалық        және түзету әдістемелерінің, берілетін кеңестердің дұрыстығына, психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына жеке басымен жауап береді.
  • Арнайы жүргізілген зерттеулердің хаттамаларды, белгіленген құжаттарды жүргізуге және сақталуына жауап береді.
  • Білуге тиісті:
  • ҚР Конституциясының, ҚР-ның Үкіметінің және білім беруді басқару органдарының оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөнінде шешімдерін, бала құқығы жөніндегі Конвенцияны педагогиканы және педагогикалық психологияны. Психология-педагогика ғылымдарының қазіргі жетістіктері физиология мен гигиена негіздерін білім беру жүйесін басқару әдістерін экономика негіздерін құқық әлеуметтану және еңбек заңын.Қаржылық шаруашылық қызмет қорғау ережесімен нормасын техника қауіпсіздігін және өрттен сақтандыру ережесін білу.        
  • Құқығы бар:
  • 1.Оқушылармен өткізілген іс-шараларға қатысуға
  • 2.Еңбек туралы заңға және мектеп Жарғысына сүйене отырып, директордың бұйрығы негізінде мектеп директорының міндетін уақытша атқаруға(директор жұмыста болмағанда)
  • 3.Мектептің жалпы оқу-тәрбие жоспарына сүйене отырып белгілі мақсатта педагогикалық ұжым мен жұмыстың өзіндік түрімен әдісін таңдауға
  • 4.Мектеп Уставында көрсетілген тәртіп бойынша басқару ісімен педагогикалық кеңес жұмысына қатысуға
  • 5.Арыз,шағыммен танысуға, түсінік беруге.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы, Т.Абдолдаұлы көшесі, үй 6

©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru