"Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмысы » Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмысы
17
январь
2023

"Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмысы


«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының атқарған жұмыстары.
 Мектебімізде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, жұмыс жасауда.
 Ұйымда 1
0 бала мүшелік етеді, ұйым құрамында 7 – 11 сынып оқушылары. «Адал Ұрпақ»
 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері:
 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
;
 2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту 
бойынша
 бастамаларды көтермелеу;
 3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс – шараларды ұйымдастыру; Жоспарға сәйкес іс-шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, пікір –сайыстар, практикалық сабақтар жүргізіліп отырылады.
 Атап айтқанда: 
Тоқсан сайын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің құрамын жинақтау кезекті отырыстары. 

Отырыс барысында клуб жұмысының мақсат-міндеттері түсіндіріліп, жүйелі жоспар жасалды. Бұл әрине, бүгінгі буынның келешегі кемел болуына жасалған нақты қадамның сәтті бастамасы.
 Қыркүйек айындағы алғашқы отырыс 
педагог-ұйымдастырушы Г.С.Абдыкерова  апайдың  жоспарлауымен өтілді. Отырыста 2021-2022 оқу жылында атқарылған іс –шаралардың есебі беріліп, ұйым мүшелерімен талданды. 2022 – 20203 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалынды. Қыркүйек айында барлық сыныпта «Адалдық сағатты» атты түрлі  тәрбие сағатттары өткізілді. Отбасы күніне орай «Парасат» өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында пікір - сайыс өтілді. Пікір – сайыс мақсаты: балалардың «отбасы» , «қоғам», сыйластық» туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру. Отбасында жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту.Пікір – сайыс соңында оқушылар бір – бірімен сұрақ алысып,жеңіске жеткен топ мадақтамамен марапатталды. Осы айда  Адал ұрпақ ұйымының балалары мектеп инспекторымен бірігіп дөңгелек үстел, ауданмен жұмыс жасады. Мысалы  мектепішілік сыныптар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 Қазан айында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен азаматтылыққа, отансүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Парасатты азамат» бұрышы жасалынды
.
 
  Мектебімізде қараша айында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен және 10 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» атты пікірталас  өтті.Қамтылған бала саны  30 .Арнайы мектеп инспекторы  АӘД пәнінің мұғалімі Н.Садуакасовтың қатысуымен..
 
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікір талас өтті.Қамтылған бала саны 25  оқушы. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы өз жұмысын жыл бойы жоспар бойынша жүргізіп отырады.


«АДАЛ ҰРПАҚ» өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен «Отаным - Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы болып өтті. Байқау мақсаты: Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалптастыру.Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Байқауға барлығы 7 үміткер, 7,8  сынып оқушылары қатысты.Байқау шарты бойынша үміткерлер «Отан», «Туған жер», «Қазақстан», «Елбасы» тақырыбында ән шырқады. Сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралды. Үміткерлер әндерін жанды дауыспен орындап, әділқазылар алқасымен бағаланып отырды. 

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту, білім және мәдениет деңгейін арттыру. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етеді. Осы орайда бүгінгі таңда  мектебімізде Өзің-өзі басқару ұйымымен біріге отырып  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары түрлі шаралар өткізіп тұрады.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» атты пікірталас  өтті.

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы, Т.Абдолдаұлы көшесі, үй 6

©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru