«Мен таңдаған мамандық» / мамандық таңдауға кеңестер / » Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен таңдаған мамандық» / мамандық таңдауға кеңестер /
23
январь
2023

«Мен таңдаған мамандық» / мамандық таңдауға кеңестер /


 «Мен таңдаған мамандық»
 / мамандық таңдауға кеңестер /

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.

Мамандық таңдау адам өміріндагі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Бұл белгілі бір тұлғаның мінез-құлқының, ұмтылысының, тілегінің және өмір салтының айнасы. Әдетте, бұл маңызды шешім жас кезде, мектепте оқып жүрген шақта қабылданады.
        Осындай маңызды шешім қабылдау оңай емес. Кейбір жағдайларда жасөспірімдерге ата-ананың жағынан қысым көрсетілуі де мүмкін. Кейде шын мәнінде не қалайтыныңды түсіну өте қиын. Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?
  1. Бейімділігіңізді ескеріңіз.
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқыңыз келеді? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тілтабыса аласыз ба? Көптеген нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
  1. Дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз.
Бұл таңдауды өзбетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз.Олар не айтса да, бұл – тек сіздің тағдырыңыз.
  1. Мамандық таңдауда өзіңіздің физикалық ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді ескерініз. 
Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандайда бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді.
  1. Мамандық таңдағанда оның болашағын да ескергеніңіз жөн. Себебі, технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болып қалауы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдаған жөн.

  1. Ұстаздардың, мамандардың көмегіне жүгініңіз. Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін.





Кәсіптік бағдар бойынша кеңес

        Мақсаты: Оқушыларға кәсіби өзін табуға, мамандықты дұрыс таңдауға  көмектемсу, өз болашағын анықтаудаьұстанатын ережелермен   таныстыру.

Оқушыларға психологиялық кеңес
Мақсаты: Оқушыларға кәсіби өзін табуға, мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу, өз болашағын анықтауда ұстанатын ережелермен таныстыру.
Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың!
Осы жолды бастар алдындағы ең маңызды міндетің – игілікті өмір сүру үшін қаржы тауып қана қоймай, бастысы өз қабілетіңді, қызығушылығыңмен шығармашылық қабілетіңді іске асыралатын болашақ мамандығыңды таңдау болып табылады. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін әуелі кәсіби білім таңдап , оны меңгеріп шығуың керек.   Кәсіби білімсіз сеншектеулі қызмет аясынан шыға алмай, беделді әрі жоғары ақылы жұмысқа қол жеткізе алмайсың. Беделсіз қызмет көп адамды қызықтыра бермейтіндіктен, оқу орны мен мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдаудың өте маңызды екені сөзссіз. Мамандық таңдауға қажеттілік деп қарамай, жаңа қызықты өмір кезеңінің басталуы деп қарау керек.
      Жұмыс пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын  алады екен! Өзіңді мамандықтар әлемінде табу – өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету  мен сый-құрметке бөлену болып табылады. 
     Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің  арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан кәсіп таңдау – болашаққа үңілу болса,  екінші жағынан , ол – өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу, яғни, менің мықты және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабың. 
          Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары   тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді.
      Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді,  соның ішінде ең макңыздылары:
  • Мамандық және оның қажеттілігі туралы білу
  • Бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түткісі, ынтасы)
  • Қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер)
  • Ықылыас деңгейі мен өзін-өзі бағалау
  • Ата-ананың, отбасыфның көзқарасы
  • Құрбы достарының көзқарасы
  • Мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы жеке кәсіби жоспар – адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйес
Әдетте, жастар мамандықты таңдау кезінде мамандыққа, білім деңгейіне, нақты бір институт сияқты түрлі бағыттағы нұсқаларға бағдарланады.
      Дегенмен, ең алдымеғн қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажет білім деңгейі туралы ойлану керек. Ал оқу орнын таңдау мәселесі – ең соңғы кезең болып табылады.


             Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:
  1. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы. Бұлардың кез-келген мамандықта қажеті болары сөзссіз!
  2. Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың саған сөзссіз ұнайтынын білдіре бермейді.
  3. Мамандық таңдауға байланысты сен, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардық ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

  1. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымы жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

  1. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
  2. Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

  1. «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.


  1. Сән қуып мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тамамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін.

  1. Мүмкіндігінше өзің таңдағкан мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден алғаның жөн.


  1. Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болу қажет.

  1. Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенң мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.









«Мамандықты дұрыс таңдамау проблемасы»
\  дәріс, кеңес /\
Мақсаты: Оқушыларға мамандықты дұрыс таңдамау проблемасы, мамандық таңдаудағы  қателіктер, мамандық таңдауда оқушыға әсер ететін факторлар,   мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы мағлұмат беру.

         Мамандық таңдау жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рөл атқарады. Белгілі жазушы , ғалым Ж.Аймауытов «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбегінде  жақсы ақыл кеңестер беріп  былай дейді,- «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»- дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. 
Дұрыс таңдалмаған мамандықтың қатері таңдаушы оқушы ғана емес бүкіл қоғамға тиеді, сондықтан мандық таңдау шараларын өткізу өте маңызды болып табылады.
Баланың қабілетіне  қызығушылығына байланысты мамандықты таңдау күрделене түседі. 
Бұның себептері:
* Балалардың мамандық әлемінен бейхабарлығы.
*Ата-ананың қалаған мамандығын таңдауға мәжбүр болуы
* Қазіргі заман талап еткен мамандықтарға еліктеуі
*Балалардың өмірге өз бетімен мақсат қойып соған жетуге талаптанбауы.

Кез-келген мамандық адамның бойында сол мамандыққа сәйкес келетін «кәсіби маңызды қасиеттердің» болуын талап етеді. Мысалы: корректордың зейіні өте жақсы болу керек, суретшінің бейнені ойлау қабілеті болуы қажет. Сондықтан, бір мамандықты таңдамас бұрын адам сол мамандыққа  қабілетінің бар екеніне сенімді болуы керек. Сонымен қатар, таңдаған мамандық адамның   жеке мінездемелік типіне сәйкес келуі аса қажет.
        Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге –әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң алады.  
Мамандық таңдаудағы  қателіктер:
  • Оқушылардың  ынтасына, қызығушылығына, біліміне, қабілетіне,  икемділіктеріне қарамастан ата-аналары  бірден жоғары квалификациялы мамандықты таңдауға бағыт береді 
  • Оқушылардың  оқу орындары , мамандық  туралы, болашақ мамандығының ісі туралы  мағлұматтарының аз болуы
  • Оқушы өзінің қабілетін тым жоғары бағалауы
  • Оқушының өзінің қабілетін,  жеке қасиетін анықтай алмауы, кемшіліктерін білмеуі
  • Оқушылардың достарынан қалмау үшін  мамандықты таңдауы
  • Оқушының өз-өзіне «Мен кіммін?», «Менің қабілетім қандай, мен не істей аламын, менің қолымнан не келеді, мен өз таңдауымды дұрыс жасадым ба?» - деген сұрақтарға ой тоқтатпауы
            Ата-аналар көбінесе баланың икемділігіне, қабілетіне қарамай баланы өзінің қабілетіне сәйкес келмейтін мамандықты таңдауға бағыт береді. Балада, өз қабілетін ескермей сол бағытты таңдайды. Мысалы ата-анасы баласының болашақта дәрігер болуын қалап, баланы дәрігерлікті таңдауға бағыттайды. Баланың осы іске деген икемі, ынтасы, қабілеті болмаса қанша оқытса да, одан дәрігер шықпайды. Балада  мамандық туралы , болашақтағы жұмысының мазмұны туралы мағлұматы болмай балада уақытша қызығушылық, қазіргі заман талап  еткен  мамандыққа еліктеу,  достарына еліктеу  болуы мүмкін.   Бала таңдау жасарда өз икемділіктеріне, қабілеттеріне мән бермейді. Кейбір балалар достарына еліктеп те қате таңдауға ұрынуы мүмкін. Ата-аналар баланың нақты икемділгін, қабілетін бірінші орынға қою керектігін назарда ұстап, балаға дұрыс бағыт біріп, дұрыс таңдау жасауға көмектесу қажет. Балада үлкен қызығушылық, үлкен өмірге деген ынтасы болады, баланы өзе құрбыларымен салыстырып, теріс таңдау жасауына кедергі жасап, дұрыс бағыт беру қажет. Мамандықты дұрыс таңдамау баланың қызығушылығын, ынтасын төмендетеді, өмірде өз жолын табуға кедергі келтіреді, бала уақытын жоғалтады, баланың өзіне сенімділігі төмендейді. Сондықтан ата-аналар баланың қабілетіне қарай дұрыс мамандық таңдауына бағыт беру қажет.



Мамандықты өмірлік етіп таңдайды деген пікір бар, бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені адамадар өмір бойы таңдау жасайды. Адамның өзі өмірге деген көзқарасы, қабілеті жылдардың өтуімен, өзгеріп отырады. Еңбек рыногында кейбір мамандықтарға сұраныс азаяды, тіпті керек болмай қалады (еңбек ақысы өте аз болуы мүмкін т.б) сол сияқты сұранысқа ие жаңа мамандықтар пайда болады.
     Қазіргі кезде заман талабына сай бір емес бірнеше мамандықты игерген қызметкер жақсы бағаланады, олар жұмыстың жаңа түрін оңай  меңгереді, фирма жұмысының профилінің өзгерісіне бейім келеді, нәтижесінде , мұндай адамдардың карьера жасауда жолы болады. 
       Неліктен мамандық таңдауға өте жауапкершілікпен қарау керек? Мамандық таңдауда қалай қателеспеуге болады ? –деген сұраққа жауап беріп көрейік. 
        Біріншіден , таңдаған мамандық адамға ұнауы қажет. Екіншіден, адам сол мамандыққа технологиялық жағынан сәйкес келуі және жұмысты алып жүре алатын қабілеті болуы керек. Сонымен бірге таңдаған мамандық еңбек рыногында сұранысқа ие болуы қажет. Әрбір кәсіби ортаға - қызығушылығы, өмірге көзқарасы ортақ адамдар жиналады. Өзін сол ортада «еркін» сезінетін адам жұмысқа қиналмай келеді, ал өзін «бөтен» сезінетін ортаға келу өте қиын.  Белгілі Америкалық психолог Д.Холанд: «Адамның кәсіби ортасына сәйкес келуі, еңбек жолында жақсы табыстарға жетуіне, өсуіне кепілдік береді»,- деген теория ұсынды. 
Мамандық таңдауда оқушыға қандай факторлар әсер етеді:
  • Отбасы
  • Мұғалім
  • Қабілеті
  • Сыртқы бейнесінің сырттай ұнауы
  • Эканомикалық факторлар
  • Оқиғаның әсер етуі
  • Досымен бірге болу
  • Оқудың жақын жерде орналасуы
  • Тәжірибенің болмауы

Мамандық таңдауда оқушыға осы факторлер әсер етеді. 
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,- деп  Әл-Фараби айтқандай  әр адам өзінің қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдау қажет.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы, Т.Абдолдаұлы көшесі, үй 6

©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru