Оқушыларға психологиялық кеңестер. » Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Оқушыларға психологиялық кеңестер.



Буллинг деген не, қалай буллингтің алдын алуға болады?»
Буллинг (bullying) ағылшын тілінен аударғанда – қорлау,қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста, интернетте жалпы айтатын болсақ кез-келген жерде буллингкке ұшырауы мүмкін. Бұл кез-келген адамның басында болатын жағдай. 
     Буллинг (қорқыту, кемсіту, мұқату) кең таралған құбылыс. Ол ұжымдық ортада (сыныпта, мектепте, ортада) болатын жағдай. 
Буллинг әртүрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
-Адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
-Оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
-Сол жайында өсек тарату
-Оны елемеу немесе жекелету
-Ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
-Ұрып-соғу, итеру немсе басқаша зақым келтіру
-Қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту, бопсалау

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Ал бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Біреу сізге күш көрсетпей, қорлап, қорқытқанда сіздің жаныңызға батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
-Уайымдау
-Ұйқының бұзылуы
-Тәбетінің болмау
-Өзі жайлы жаман ойлау
-Өз-өзіне физикалық зақым келтіру
-Сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
-Денсаулығының нашарлауы
-«маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлауы
-Өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу немесе ашулану
-Қорқу

Есіңізге сақтаңыз:
-Есіңізде болсын , ешкімнің сізді ренжітуге, қорлауға немесе өзіңіз жайлы жаман ойлауға, мәжбүрлеуге  құқығы жоқ.
-Буллинг сіздің достарыңыздың, отбасыңыздың, мектептегі балалардың немесе бөтен адамдардың тарапынан болуы мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және бұлай болуға тиіс емес.
-Буллингті тоқтатуға және өзіңізді бағалауға, өзіңізге сенімді болуға үйренуге болады.

Сіз әрдайым «Сенім телефондарына»  87753220581
                                                


Қоңырау шалуыңызға болады. Мұнда сізге қиындықтарыңызбен күресуге көмектесу үшін арнайы адамдар жұмыс істейді. Сіз кез-келген уақытта үй немесе ұялы телефоннан көрсетілген нөмерлеріне қоңырау шала аласыз, олар тәулік бойы жұмыс атқарады. Қоңырау шалу кезінде ойыңызда не бар, басыңыздан қандай жағдайлар болғанын айта аласыз, сізге қажетті көмек көрсетіледі.

Буллингтің алдын алу алғышарттары. Буллингтің белгілері байқалған кезде, ең бастысы оның бар екендігін мойындау. Жоққа шығарып, көңіл аудармай қаннен қаперсіз жүруге болмайды. Мәжбүрлеуді елемеген жағдайда асқындырып алу қаупі бар. Сондықтан бірден мектепке, мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға, психологкке хабарласу қажет. Ол кісілер бұл мәселемен жұмыс жасайды. Есіңізде болсын шешілмейтін мәселе жоқ, барлық мәселенің шешімі бар.

Педагог-психолог: Мольтишев А.Ш
























Буллинг мен үшін әлде жай ғана әзіл
/ оқушыларға кеңес/
      Егер сені біреу мазақ қылған жағдайда немесе достарыңмен жанжалдасып қалғанда, саған бәрі де жаман көрініп, барлық адамдар саған қарсы деген ой туындайды. Тіпті «бұл жай ғана әзіл-қалжыңғой деп айтқан жағдайда да, сен өзіңді әлі де ыңғайсыз сезінуің мүмкін. Бірақ, бұның барлығы өткінші екенін ұмытпа.
Өзіңе деген сенімділікті, батылдықты қалай арттыруға болатындығы жайында психолгкке, мектеп ұстаздарына, мектеп әкмішілігіне келуді ұмытпа. Ол кісілермен бірігіп бұл мәселені шешуге болады. Ол кісілер  саған  жаңа достар тауып, өз ойыңды қысылмай білдіруді үйренуге көмектеседі. 
Құрметті дос! Буллинг мұғалім тарапынан да болуы мүмкін. Мектепте жұмыс істейтін ересектердің бірінің сені кемсітуі дұрыс емес. Ешкімнің сені ақылсыз сезіндіруге, мазақтауға немесе әділетсіз жазаға тартуға құқы жоқ. Егер мұндай жағдай туып жатса, ол туралы өзің сенетін мұғалімге, мектеп психологіне, мектеп басшыларына,ата-анаңа айт. Сенім телефонына қоңырау шалуды да ұмытпа.
«Сенім телефондары»:       87753220581

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
-Өзіңе деген сенімділікті арттыр
-Батыл болуға үйрен
-Жәбірлеушіні бұғатта
-Біреуге айт

Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?
Сені біреуге қорлық көрсетуге не итермелейді?
Бір нәрсе істеуден бұрын жақсылап ойлан.
Адамдардың құрметіне лайық болып, көңіл бөлгендігін қаласаң басқа әдіс ойлап тап.
Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?
Қандай себеп болмасын, қорлау қашанда жаман қылық.  
Әдетте біреуді қорлап жүрген адам:
-Басқаларды көре алмайды немесе қызғанады
-Басқаларға ұнағысы келеді
-Өзін басқаларға қарағанда жоғары екенін сезінгісі келеді
-Достары сияқты болғысы келеді
-Оны барлығы тыңдағанын қалайды
-Өзгелердің қорлауынан зардап шеккен
-Қорлау басқаларға қасірет тудыратынын түсінбейді
Педагог-психолог:Мольтишев А.Ш
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы, Т.Абдолдаұлы көшесі, үй 6

©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru